Жезқазған қаласында әлеуметтік маңызы бар нысандарға мониторинг жүргізілді. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қатысты.
Мониторинг барысында Алғашқы құрылысшылар алаңындағы субұрқақты ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша жағдай қаралды. Негізгі назар жұмыстардың сапасына және шарт талаптарының орындалуына аударылды. Қатысушылар нысанның жай-күйімен танысып, анықталған кемшіліктерді белгіледі.
Мониторингтің басты мақсаты — бюджет қаражатының тиімді әрі ашық игерілуін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жобаларды іске асыруда қоғамдық бақылауды күшейту.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП