«Заң мен Тәртіп»: Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі

«Заң мен Тәртіп»: Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі

    

    Ұлытауда облыстық прокуратура жанындағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

    Кеңеске облыс әкімі, жергілікті өзін-өзі басқару, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіпкерлік өкілдері қатысты.

    Аталған жиында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан превентивті шаралар туралы баяндама жасады.

    Ол өз баяндамасында өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі түсіндіру жұмыстары мен жастар арасында, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында ұйымдастырылған ақпараттық шаралардың маңыздылығын атап өтті.

    Сондай-ақ кеңес барысында мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, қылмыстық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар енгізілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП