«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Агенттіктің 2025 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Департамент облыс әкімдігінің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ДЕНСАУЛЫҚ САТЫЛМАЙДЫ» республикалық жастар арасындағы әлеуметтік бейнероликтер байқауын ұйымдастыруда.
Байқаудың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын насихаттау және шығармашылық белсенділікті қолдау.
Байқауға Қазақстан Республикасының 14-35 жас аралығындағы азаматтары–жеке авторлар немесе шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Жұмыстар 20 маусымға дейін қабылданады.
Байқау нәтижелері Департаменттің ресми сайтында және оның әлеуметтік желілердегі парақшаларында ақпараттық хабарлама арқылы жарияланатын болады.
Байқау Ережесі:
https://drive.google.com/drive/folders/1RitJ4KyzYb86a3fLw9aD-WuL-d3ntxdv?usp=sharing
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП