«Халық заңгері» республикалық акциясы

«Халық заңгері» республикалық акциясы

      

     Ұлытау облысында жергілікті атқарушы органдар, әділет, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп тексеру органдары өкілдерінің, жетекші адвокаттар мен заңгерлердің, сот орындаушылар мен нотариустардың қатысуымен кең ауқымды құқықтық көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды.

     Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу және халықпен тікелей диалог орнату. Бұл бастама «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанатын мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласының өкілдері үшін маңызды міндет болып табылады.

     Тұрғындар тарапынан ең жиі көтерілген мәселелер қатарында жер қатынастары, жұмысқа орналасу, жеке сот орындаушыларының әрекеттері және әлеуметтік қызметтердің жұмысы болды.

     Мұндай іс-шаралар қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП