Құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында

Құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаментінің өкілдері Жезді кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс объектісіне барды.
   Сапар барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов құрылысы ұзаққа созылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жай-күйіне мониторинг жүргізді.
   Негізгі мақсат - құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау.
   Мониторинг барысында спорт алаңдарының жабындыларын сапасыз төсеу, қоршауларды тиісті деңгейде бекітпеу, сондай-ақ спорттық құрал-жабдықтарды орнатпау сияқты кемшіліктер анықталып, оларды жою жөнінде нақты ұсынымдар берілді.
   Бұл жоба қоғам үшін маңызды әлеуметтік нысан болғандықтан, оның сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында департамент тарапынан бақылау жұмыстары жалғасатын болады.
   Бұл ретте бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалану – мемлекеттік саясат пен «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың негізгі талаптарының бірі.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП