Қарсақбай ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қарсақбай ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

   Ұлытау облысының Қарсақбай ауылында тұрғындардың және мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.
   Іс-шарада Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенім мен ашықтықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың тек заң бұзушылық емес, елдің даму жолына, азаматтардың әл-ауқатына тікелей қауіп төндіретін құбылыс екені айтылды.
   Президент белгілеген «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілердің адал және ашық қызмет атқару міндеті жүктелетіні, ал азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне бей-жай қарамай, оған қарсы іс-қимылға үлес қосуының маңыздылығына назар аударылды.
   Бұл кездесу қоғаммен кері байланысты нығайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді диалог алаңы болды.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП