Кеңгірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» акциясы өтті

Кеңгірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» акциясы өтті

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті бастамасымен Кеңгір елді мекенінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі акциясы өтті.
   Іс-шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев және Жезқазған қаласы әкімдігінің аппарат басшысы мен бөлім басшылары қатысты.
   Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, көкейкесті мәселелерді талқылау және тегін құқықтық көмек көрсету.
   Акцияға 50-ден астам азамат қатысып, мемлекеттік орган өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
   Мұндай шаралар халықпен кері байланысты нығайтуға, адалдық мәдениетін қалыптастыруға және «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілетуге септігін тигізеді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП