Ұлытау облысы әкімдігінің аппараттық кеңесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары» аясында № 4 Үлгілік базалық бағытты іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
№ 4 Үлгілік базалық бағыт жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтерінің сапасын арттыру.
Жобаны іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың маңызы зор. Аппараттық кеңес барысында өңірде жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындылары қаралып, талдау жүргізу барысындағы кемшіліктерге назар аударылды.
Сондай-ақ, ішкі талдаудың тиімділігін арттыру және № 4 Үлгілік базалық бағыт жобасын сапалы жүзеге асыру мақсатында нақты ұсынымдар берілді.
Бұл ұсынымдар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
Өз кезегінде облыс әкімі Дастан Рыспеков баяндамада көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдарға ішкі талдауды сапалы жүргізу, оның қорытындысын негізге ала отырып нақты шаралар қабылдау, сондай-ақ №4 Үлгілік базалық бағыт шеңберіндегі жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП