«Заң мен тәртіп»: Қоғамда №4 Үлгілік базалық бағыт аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру

«Заң мен тәртіп»: Қоғамда №4 Үлгілік базалық бағыт аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру

 

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті №4 Үлгілік базалық бағыты (ҮББ-4) аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді. Бұл бағыт – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған негізгі тұжырымдамалық шаралардың бірі болып табылады және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтуға арналған.
   Іс-шараның мақсаты – адалдық, әділдік құндылықтарын қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлықты мүлде қабылдамау мәдениетін орнықтыру болды. Кездесуді Превенция басқармасының басшысы    Қуанышбек Абишев жүргізді.
   Іс-шара барысында адалдық мәдениетін қалыптастыру тетіктері, азаматтардың құқықтық санасын арттыру жолдары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді шаралары талқыланды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарымен бірлескен жобалар таныстырылып, оқу орындарында адалдық мәдениетін жүйелі түрде қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
   Қуанышбек Абишев ҮББ-4 бағыты аясында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, мұндай іс-шаралардың әділеттілік пен қоғамдық сенімді нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.
   Сонымен қоса, қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың нәтижелерін көпшілік алдында талқылады.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП