Ұлытау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Сатпаев қаласындағы былтыр жаңадан пайдалануға берілген мектеп сарайында балалармен және оларды оқытатын мамандармен кездесу өткізді.
Аталған ғимарат бұған дейін ұзақ жылдар бойы аяқталмай тұрған нысандардың қатарында болып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мониторингінде болды. Жүргізілген бақылау мен тиісті шаралардың нәтижесінде өткен жылы нысан толықтай пайдалануға берілді.
Кездесу барысында оқушыларға адалдық, әділдік, заңға мен тәртіпке бағыну секілді құндылықтардың маңыздылығы түсіндіріліп, оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП