Заң мен тәртіп: Мобильді топ қос аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Заң мен тәртіп: Мобильді топ қос аудан тұрғындарына  құқықтық көмек көрсетті

Департамент жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Жетісай және Шардара аудандарының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті.

Халыққа кеңес беруге түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, облыстық Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясы өкілдері, аудан әкімдігінің басшылары мен адвокаттар, сот орындаушылар сондай-ақ еріктілер қатарына қосылған кәсіби заңгерлер тартылды.

Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Департаменттің Сарыағаш аумағы бойынша ауданаралық басқармасының аға тергеушісі З.Сағымбек ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытуға және Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға шақырды.

Кездесу барысында 60-қа жуық азаматқа заң көмегі көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесуге бағытталған жоба тұрақты түрде жалғасатын болады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП