Түркістандық жастар заң мен тәртіпті нығайтуға белсенді үлес қосуда

Түркістандық жастар заң мен тәртіпті нығайтуға белсенді үлес қосуда

Сессия - оқу орындарындағы ең жауапты кезеңдердің бірі.

Жастар арасында «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің комплаенс қызметімен жазғы сессия қарсаңында «Таза сессия» акциясы өтті.

Заң мен тәртіпті ұстанып, жастарды адалдыққа үндеген шара аясында білім алушылардан сауалнама алынып, академиялық адалдық қағидаларын нығайтудың тиімділігі түсіндірілді, сондай-ақ, емтихан барысының объективтілігі мен ашықтығы бақыланды.

Науқанның негізгі мақсаты - елдің ертеңгі келешегін қалыптастыратын жастар қауымын адал еңбекке баулу және парасатты тұлға болуға дәріптеу.

Айта кетейік, жас буынның бойына сыбайластық сияқты жат әрекеттерден сақтандыратын берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП