Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұзақ мерзімді құрылыс объектілерін сүйемелдеуге ерекше назар аударады. Олардың уақтылы аяқталуына және пайдалануға берілуіне тұрақты түрде бақылау жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Е.Сұлтанқұлов Антикор еріктілерімен Ордабасы және Төлеби аудандарындағы құрылысы ұзаққа созылған көпір мен мектептің қазіргі жай күйін зерделеп қайтты.
Қоғамдық бақылау алдымен Төлеби ауданындағы Ханарық ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысынан басталып, әрі қарай Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектептің құрылыс барысы зерделенді.
Бұл нысандардың құрылысы мердігер мекеменің жауапсыздығынан тоқтап, келісім шарттар бұзылған.
Бүгінде бұл нысандардың құрылысы қайта қолға алынып, жаңа мердігерлермен қайта келісім шарттар түзілген, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, осы жылы өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына облыс аумағында тапсыру мерзімдері бұзылған 4 әлеуметтік нысан енгізілген.
Бұл әлеуметтік нысандардың құрылысына Департаментпен бірге Антикор еріктілер де белсенді қоғамдық бақылау орнатуда.