Заң мен тәртіп: Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша оқыту семинары өтті

Заң мен тәртіп: Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша оқыту семинары өтті

Заң және тәртіп идеологиясын нығайту мақсатында облыстық басқарма басшылары, аудан,қала әкімдіктерінің аппарат басшылары және ішкі талдауға жауапты мамандарға арналған оқыту семинары өтті.

Семинарда Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Әсілбек сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдаудың қағидалары мен әдістемесі туралы,  жобалық кеңсе жетекшісі Н. Абуова «№4 Үлгілік базалық бағыты» жобасын басқару мен іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Ә.Әбішқызы «ISO 37001: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» стандартын мекемелерге енгізудің артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Семинар соңында Түркістан облысы әкімі аппараты басшылығы тарапынан Айдос Мүсірәліұлы ішкі талдау жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында зерттеу жұмыстарын мұқият жүргізіп, бірлесе әрекет етуге шақырды.

 #Заң_мен_Тәртіп                                                                                                                                                 #ЗАҢменТӘРТІП