Түркістанда спортшылардың ұсынысымен «Заң мен тәртіп - жеңістің кілті!» науқаны өтуде

Түркістанда спортшылардың ұсынысымен «Заң мен тәртіп - жеңістің кілті!» науқаны өтуде

Азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмыстардың жалғасымен бүгін облыстық спорт мектептері басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.

Мәжілісте  спорт саласын дамытуға үлесіп қосып жүрген белсенді  спорт мамандары «Заң мен тәртіп - жеңістің кілті!» онкүндік науқанын өткізуді ұсынды.

Жиында сөз сөйлеген Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Әсілбек - спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездеседі, бұл спорттың дамуына кері әсерін тигізеді, қоғам болып жемқорлықпен табанды түрде күресу арқылы тәуекелдерді азайтуға болатынын атап өтіп, жиында айтылған ұсынысты қолдай отырып, науқан аясында жетістікке жеткен спортшыларымыз жастар арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда өз үлестерін қосуға шақырды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы М.Байсариев науқан аясында барша әріптестерді жемқорлықсыз қоғам құруға шақыратынын, жемқорлық үшін Заңда көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы әрбір қызметкердің назарына жеткізетінін, тұрғындарды тегін спорттық секциялар туралы ақпараттандыру шеберінде «Ашық есік күндері»  өткізуге үлес қосатындарын жеткізді.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң және Тәртіп» идеологиясын кеңінен енгізу аясында қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП