Заң мен Тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Сауран ауданының активімен кездесіп жеке қабылдау өткізді

Заң мен Тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Сауран ауданының активімен кездесіп жеке қабылдау өткізді

Заң мен тәртіпті нығайту шеңберінде Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Сауран ауданының активімен кездесіп, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ" мүшелерімен бірге жеке қабылдауға келген тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.

Құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жиынға аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, полиция бөлімінің бастығы және облыстық мемлекеттік, жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар су тарифінің құнын төмендету, сібір жарасы анықталған аумақтағы орналасқан тұрғын үй құжаттарын заңдастыру, бала-бақша, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін үлестіру заңдылығын, суармалы жерлерді пайдалану, Құмтүйін елді мекеніндегі жабайы шөберілерді жою және С.Қожанов ауылындағы орналасқан жылы су ұңғымасы мәселелеріне қатысты өтініштерімен жүгінді.

Мұрат Ахтанұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарын мұқият тыңдап, заң шеңберінде түсіндірмелер берді.

Тұрғындарды қабылдауда азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беріліп, құзырлы органдарға Заң аясында шешілуіне тиісті жұмыстар жүргізу ұсынылып, хаттамаға енгізілді.

Департамент басшысы жеке қабылдауға келген әрбір азаматқа кеңес беруде үнемі ашық екенін айтып, жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы өтініш жолдауға болатынын жеткізді.

Айта кетейік, басқа да аудан, қала тұрғындары үшін жеке қабылдаулар мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» мүшелерінің құқықтық кеңес беру шаралары жыл соңына дейін жалғасатын болады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП