Заң мен тәртіп: Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Заң мен тәртіп: Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлімделді.

Осы жылдан бастап дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы бойынша мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың заңсыз актілер шығару, заңсыз тапсырмалар беру, құқыққа сыйымсыз шешімдер қабылдау, сол сияқты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер жасау арқылы әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстар нәтижесімен өткен жылы 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқандар туралы деректер айтылды.

Комиссия отырысында, бизнес өкілдерінің жоғары әкімшілік кедергілерге тап болған проблемалық салалардың тізілімінде агроөнеркәсіптік кешен, салық, білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, жер қатынастары және мемлекеттік сатып алу салалары екені мәлімделді.

Айта кету қажет, бизнес пен инвестицияларды жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау - Агенттіктің негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағытта «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты - лауазымды тұлғалар қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету, бизнестің дамуына кедергі келтіретін түрлі әкімшілік кедергілерді болдырмау.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП