Заң және тәртіп: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-ортақ іс»

Заң және тәртіп: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-ортақ іс»

Руханият өкілдерімен өткен бас қосуда дін өкілдері облыс аумағында «Заң мен тәртіп - сенім кілті!» науқанын өткізуді ұсынды.

Дін істер басқармасының өкілдері жемқорлық індетімен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы деп қарап отыру дұрыс емес екенін, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға бірге атсалысып, жұма намаздарда, жұртшылық жиналатын көпшілік орындарда (жастар, түрлі сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары т.б.) асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігін кең баяндап, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде діни бірлестіктер мен имамдардың тигізер үлесі жоғары екендігін атап өтті.

Жиында сөз сөйлеген Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Әсілбек «Облыс аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде және тұрғындар арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда - діни бірлестіктердің алатын орны ерекше екенін атап өтіп, мешітке келушілерге жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын жүргізуді ұсынып, киелі Түркістан өңірін жемқорлықтан таза адалдық мекеніне  айналдыруға шақырды.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң және Тәртіп» идеологиясын кеңінен енгізу аясында қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

 #Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП