
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен «Мен үлкен тұтатын адал адам» бірыңғай сағаттары өтті.
Аталған шарада 1049 білім беру ұйымдарындағы 7-11 сынып оқушылары эссе жазды.
210 мыңға жуық оқушы адалдық пен парасаттылық мәселелері бойынша өз ойлары мен идеяларын баяндай алды.
Іс-шара нәтижелері тәрбие сағаттарының, «Адал ұрпақ» клубтары жұмысының, сондай-ақ оқушылардың бойында адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті.