Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында 2023 жылдың 30 қазанынан бастап облыстық ауылшаруашылығы басқармасының және оған бағынысты мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізеді.
Талдау аясында, агроөнеркәсіп кешенді субсидиялауға бөлінген қаражаттың пайдалану рәсімдері және басқа да мәселелер қамтылатын болады.
Сыртқы талдау объектісіне қатысты азаматтардың ұсыныстарын қабылдау үшін anticor13@mail.ru электрондық поштасы және +7700-7279203 байланыс телефоны немесе Департамент (Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, №100) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде барлық азаматтардың ашық ұстанымы мен белсенділігі - аса маңызды!