Бұл туралы облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Төлеубаев ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Департаментпен білім беруді қаржыландырудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесінде Облыстық білім басқармасымен негізсіз жоспарланған 22,6 млрд бюджет қаражаты қысқартылды.
Үнемделген қаржы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруға, жылыту жүйесін газға көшіруге, мектеп парталарын, тақталарды және мектепке дейінгі ұйымдарға жиһаздар сатып алумен қатар, білім беру мекемелерін жөндеу жұмыстарына бағытталды.
Спикердің айтуынша, талдау аясында еңбек ақы төлеу қоры бойынша жүйелік жымқырудың схемасы анықталған. Бұл схемалар жыл сайын қолданылып келген.