Түркістан облысының денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында 2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оған бағынысты мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізеді.

Талдау аясында, медициналық техниканы сатып алу, оны пайдалану және халыққа қолжетімділік, медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сондай-ақ медициналық мекемелер ғимараттарының құрылыс-монтаждау жұмыстары және басқа да мәселелер қамтылатын болады.

Сыртқы талдау объектісіне қатысты азаматтардың ұсыныстарын қабылдау үшін anticor13@mail.ru электрондық поштасы және +7702-431-30-13 байланыс телефоны және Департамент (Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, №100) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде барлық азаматтардың ашық ұстанымы мен белсенділігі - аса маңызды!