Антикор ерікті Мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жасау тәжірибесімен бөлісті

Антикор ерікті Мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жасау тәжірибесімен бөлісті

Қоғамда маңызы бар жұмыстарға белсенділік танытып жүрген Түркістандық жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарындағы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Облыстағы филиал басшысы А.Қалыбек Мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жасау тәжірибесімен бөлісті.  

Еркін форматтағы кездесуге Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев және аймақтағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде үлес қосып жүрген еріктілер қатысты.

Кездесуде еріктілер бірқатар идеяларды ортаға салды, атап кетсек, облыстағы жемқорлықпен күресушілердің басшысы ретінде шалғай аудан мен елдімекен тұрғындарымен кездесу, жемқорлықтың деңгейін анықтап, нәтижесімен мониторинг, сыртқы талдау, түсіндіру жұмыстарын сол салаларға бағыттау үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізу, қала/аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесуінде жемқорлық құқықбұзушылығын төмендетудегі жұмыстары туралы есеп беру, білім саласындағы жемқорлық деңгейін төмендету үшін мектеп/колледж директорлары өз ұжымдастарының алдында лекция оқу және т.б. ұсыныстар.

Кездесуде Мұрат Ахтанұлы киелі өңір Түркістанды жемқорлықтан таза, адал мекен ету мақсатында қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдіріп, өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу үшін Заң аясында бірлесіп жұмыс жүргізуге және волонтерлік бағытта идея алмасуға дайын екенін жеткізді. 

Бейресми форматта өткен кездесудің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, жемқорлық қарсы мықты иммунитеті бар қоғам қалыптастыру.