КЕЛЕСТЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ НАҚТЫ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

КЕЛЕСТЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ НАҚТЫ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына аудан әкімі А.Есбаев, мәслихат хатшысы А.Тотиков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жүнісов, құрылымдық бөлім, дербес бөлім басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері мен Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері басшыларының есебі тыңдалып, проблемалық мәселелердің шешу жолдары бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланды.

Айта кетейік, бүгінде жалпы ел аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеуге және үйлестіруге бағытталатын қоғамдық кеңестердің тұрақты органдары, яғни жергілікті жерлерде комиссиялар құрылып, бұдан былай бармақ басты әрекеттерді болдырмау бойынша қоғам арасында белсенді жұмыс жүргізетін болады.