Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түрікстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен бүгін облыс аумағындағы мекемелерде «Заң мен тәртіп-біздің ұстаным!» бірыңғай адалдық сағаттары өтті.
Ел аумағында жарияланған «Заң және тәртіп» апталығына орай ұйымдастырылған шараға 500 - ден аса мекеме қатысты, олардың ішінде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік, квазимемлекеттік ұйымдар мен жоғары оқу орындары.
Адалдық сағаттарында мекеме басшылары ұжымда құқықтық мәдениетті нығайтуды, әдеп пен заңды құрметтеуді, жауапкершілікті сезіну мәдениетін қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары туралы және «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, қоғамда заң үстемдігін сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану, әрбір қызметкердің азаматтық жауапкершілігі туралы мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер - адамдар мен жүйе арасындағы байланыс, күшті жүйе әркім өз міндеттерін білетін және құрметтейтін жерде құрылады.
#заң&тәртіп