Заң барлық азаматтарды біріктіреді, олардың құқықтарын қорғайды және тәртіпті қамтамасыз етеді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен «Заң мен тәртіп - мемлекет кепілі» форумы өтті.
Қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатындағы жиынға облыс прокуроры, полиция, экономикалық тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінің басшылары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар, бизнес өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Біздің орган заңдылық пен тәртіпті нығайтуда статистикаға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланып келеді.
Аталған форумда Өңірлік жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген білім, медицина, әлеуметтік сала, құрылыс, тұрғын үй, жер, жол және т.б. салаларда анықталған тәуекелдер мен қолжеткізген нәтижелер туралы, заңдылық пен тәртіп идеологиясын насихаттау бойынша жұмыстарымыз туралы хабардар еттім.
Айта кетейін, азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін құрылған мобильді топ 40-қа жуық шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін консультациялар ұйымдастырылды.
Бұл заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстарымыз жалғасатын болады.
Мемлекет тек заң талап етуші ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектесетінін әрбір адам білуі маңызды.
#заң&тәртіп