«Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департаменті Түркістан облысы бойынша ашық есік күнін өткізді

«Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департаменті Түркістан облысы бойынша ашық есік күнін өткізді

«Заң және Тәртіп» апталығы аясында ұйымдастырылған ашық есік күні шарасына 80-нен аса тұрғындар, оның ішінде жастар, этно-мәдени ұйым өкілдері, спортшылар, комплаенс-қызметкерлер, квазимемлекеттік ұйым өкілдері келіп, Департаменттің жұмысымен танысып, мамандардан құқықтық кеңес алды.

Департаменттің жұмысымен арнайы танысып, Заң шеңберінде құқықтық кеңес алуды көздеген этно-мәдени орталықтардың жастары Кентау, Сайрам, Сауран аудандарынан арнайы келгендерін атап өтіп, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге дайын екендерін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ашық есік күні шарасына келген жастар жемқорлық деректерін хабарлау туралы ақпараттық жадынамаларын тұрғындар арасында таратуға ниетті екендерін мәлімдеп, қоғамда заң мен тәртіптің сақталуына үлес қосатындарын жеткізді.

Айта кетейік, құқықтық мәдениетті арттыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок