Ұлттық академиялық кітапханада мәдени-этикалық құндылықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен біріктіруге арналған «Әділ қоғам» атты жаңа отандық жоба салтанатты жағдайда таныстырылды.
Ұйымдастырушылар - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет министрлігі.
Іс-шараға Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали, Мәдениет министрі Аида Балаева, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Аумақтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің басшылығы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының директорлары мен қоғам қайраткерлері жұмылдырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали алғы сөзінде Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» идеологиясымен үйлесетін бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.
«Әділ қоғам» жобасы барлық салада әлеуметтік-бағдарланған, рухани-адамгершілік және отансүйгіштікке бағытталған мәдени өнімнің тиімді тетігіне айналуы тиіс», - деп атап өтті А.Жұмағали.
Жоба ЮНЕСКО халықаралық ұйымының қолдауымен жүзеге асырылуда және кино, анимация, бейнелеу өнері, театр, музыка, әдебиет және шығармашылықтың басқа да түрлері арқылы тұрақты адалдық пен әділдік мәдениетін дамытуға бағытталған.
Жоба үйлестірушісі ретінде Түркістан облысынан Түркістан жоғары көпсалалы қол-өнер колледжінің оқытушысы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» волонтерлік жобасының еріктісі, Түркістан қалалық әйелдер қауымдастығының мүшесі Нұржахан Ермағамбетқызы Абуова анықталды.
«Әділ қоғам» кеңсесінің жыл соңына дейін жұмыс жоспары бекітіліп, оны жүзеге асыруға қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының майталмандары, ғалымдар, жазушылар, ақындар, теологтар, халық өнерпаздары жұмылдырылады.
#заң&тәртіп