2025 жылы Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған азаматттарға жалпы соммасы 750 мың теңге сыйақы тағайындалды.
Өңірде соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 30-дан аса тұрғын 8,2 млн теңге сыйақы алды.
Заң мен тәртіпті сақтау аясында тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, спорт, әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары салаларында жемқорлық қылмыстары анықталды.
Мәселен, білім беру саласында басшылық қызмет атқарған «М» есімді тұлға сот үкімімен білім беру қызметіне лицензия бергені үшін 5 млн теңге алғаны үшін кінәлі деп танылды. Аталған тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін хабарлаған тұлғаға 500 мың теңге сыйақы төленді.
Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді, бірақ 4 мың АЕК-тен көп емес.
Сыйақы берген ақпарат шындыққа сәйкес болса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза туралы қаулысы болғанда беріледі.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлағандар Заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез-келген азамат @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы арқылы немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаментіне (Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 18 көше, 16 ғимарат, «Е» блок) хабарлай алады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢ менТӘРТІП