Заң мен тәртіп идеологиясын бизнес ортада қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Бизнес және инвестицияны қорғау» форумына Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев қатысты.
Форум аясында Мұрат Ахтанұлы «Бизнеске жол» жобасы іске қосылғаннан бері Түркістан өңірінде 27 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалғаны және жобаны іске асыру барысында субсидиялау, жер қатынастары, ауылшаруашылығы, лицензиялау және тағы да басқа салалардағы бизнестің бірқатар жүйелі мәселелері шешілгенінен хабардар етті.
Оң шешімін тапқан мәселелердің бірі, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бұрын жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер және орындалған жұмыстар бойынша 35 шағын және орта бизнес субъектілерінің алдында кредиторлық берешегі болған.
Департаменттің ұсынысымен қабылданған шаралар негізінде, өз міндеттемелерін орындаған бизнес субъектілеріне берешек соммалары қайтарылып, оның ішінде қызметкерлердің жалақысын өз уақытында төлеуге мүмкіндік болды.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бір бағыты - бизнестің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлық қысымынан, әкімшілік кедергілерден қорғау болып табылады.
Біз, өз құзыретіміз шеңберінде кәсіпкерлік салада туындайтын проблемалық мәселелерді қарауға әрқашан ашық және дайынбыз.