Заң мен тәртіпті нығайтуды көздеген Антикор еріктілер пойыздардың жұмыс режиміне және теміржол көлігінде қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді.
Темір жол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған зерделеу Қызылорда-Семей және Алматы-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойыздарына жүргізілді.
Еріктілер вагондардың санитарлық жағдайына, билеттерді сату кезінде делдалдардың заңсыз қызметіне, жолаушылардың билетсіз жүру фактілерін анықтауға, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жүк тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету барысына назар аударды.
Тексеру қорытындысы бойынша техникалық бұзушылықтар анықталған жоқ. Ұсыныс ретінде жылжымалы құрамның санитарлық жағдайын жүйелі түрде бақылауды жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.
Теміржол көлігінде қызмет көрсету сапасына мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП