Заң және тәртіп: Сыртқы талдау объектісінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Заң және тәртіп: Сыртқы талдау объектісінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Агенттік шекара және өткізу бекеттерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде.

Заңдылық пен тәртіпті нығайтуды көздеген Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.

Бүгін, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде талдау жүргізудің тәртібін түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу мақсатында кездесу өтті.

Кездесуде тыңдаушыларға елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі тетіктері, өзгерістер мен жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға талдау жүргізу барысында жұмысшы топ құрамын тамаққа шақыру, сый-сияпат жасау, заңсыз ұсыныстар жасау фактісіне жол бермеу қатаң түрде ескертілді. Осындай заңсыздықтар орын алатын болса, заң шеңберінде тиісті жауапқа тартылатыны, яғни пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатыны баса айтылды.

Айта кетейік, кеден қызметіне қатысты жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе осы саланың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса +7702-4313013 байланыс телефонына немесе anticor13@mail.ru электронды поштасына жолдауды сұраймыз.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП