Заң және тәртіп: Білім беру саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Заң және тәртіп: Білім беру саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға облыс әкімінің басшылығы, Облыстық білім басқармасының және қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері селекторлық бейнебайланыс арқылы қатысты.

Елімізде білім беру жүйесінің өркендеуі маңызды рөлге ие екенін, осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алуға ерекше назар аударылады, әйтсе де, соңғы жылдары білім беру саласы жемқорлық көріністерімен алдыңғы қатардан орын алуда.

Өкінішке орай, ұрпақ тәрбиелеп, адалдыққа жол сілтейтін тұлғалар тарапынан жемқорлық қылмыстарының орын алғаны, осы салада ашылған қылмыстармен сипатталатыны туралы Департамент басшысының орынбасары Бұлан Маралұлы атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шарада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қатаң сақтаудың маңыздылығы, ұжымда адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заң талаптары түсіндірілді.

Іс-шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнеролик ұсынылып, қойылған сауалдарға жауап берілді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП