Түркістанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Түркістанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Түркістан облысында өткен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық науқанында 2000-нан аса тұрғындарға тегін заңгерлік кеңестер берілді.
«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған науқанда өңір тұрғындары еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен қажетті кеңес алды.
Тұрғындардың талап-тілегі мен өзекті сауалдарын қанағаттандыруды көздеген айтулы шараны ҚР Үкіметінің қолдауымен
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының бірлесіп ұйымдастыруымен өткенін атап өтеміз.
Айта кетейік, 2016-2024 жылдар аралығында 10 мыңнан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдарынан тегін көмек алған халықтың сұранысы негізінде аталған науқан жыл сайын игі дәстүрге айналып, күні бүгінге дейін 300 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңестер алды.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқанының халық үшін қажет екені байқалды. Дәстүрге айналған аталмыш акция өткізілу ауқымы мен географиясы, сондай-ақ форматының бірегейлігі бойынша әлемдегі оң көрсеткішке қол жеткізген науқан болып табылады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП