Жастар арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру шеңберінде жарияланған «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Республикалық сурет байқауы өз мәресіне жетті.
Департаменттің ұсынысымен Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған конкурсқа өз өнерлері арқылы адалдыққа деген көзқарастарын білдірген 300-ден аса белсенді жас суретшілер қатысты.
Қашықтық форматта өткен сайысқа еліміздің 7 аймағынан қызығушылық танытқан 5-8 сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды.
Байқауға келіп түскен жұмыстарды қортыныдылаған әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Жорабек Олжастың, І орынға Райханов Эльдардың, ІІ орынға Махамат Раянаның, ІІІ орынға Сайлау Тілектің жұмысына оң баға берілді.
Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығына ие болған жұмыстардың авторлары Қуаныш Аймекен, Алтай Перизат, Оралбай Нұрғиса, Қосаева Гүлназым, Подгрушина Маргарита, Айдынбек Дархан болды.
Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, байқау «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қорының қолдауымен өтті.