Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша Департаменті бизнесті қорғау саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында жеке қабылдау өтті.
Шағын және орта бизнестің нақты мәселелерін шешуге бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында жеке қабылдауға Сайрам және Түлкібас аудандарынан келген бизнес өкілдерінің өзекті мәселелері тыңдалды.
Кәсіпкерлік ортада заң мен тәртіпті нығайтуды көздеген шарада бизнес өкілдері субсидиялау, газ және электр энергиясының тарифтерін төмендету, инфрақұрылымның жетіспеушілігі, шаруашылық жүргізуге жер алу, сондай-ақ бизнеске несие алу мәслелерін көтеріп, қолдау көрсетуді сұрады.
Жеке қабылдауда бизнесті дамыту бағытында туындаған проблемалардың Заң аясында шешу жолдары аясында ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, аталған жоба аясында осы жылы облыстық Кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмыс нәтижелерімен 3 мәселе шешімін тауып, 200-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП