Заң мен тәртіп: Тәртіпті қамтамасыз ету кезіндегі жемқорлыққа төзбеушілік туралы

Заң мен тәртіп: Тәртіпті қамтамасыз ету кезіндегі жемқорлыққа төзбеушілік туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету және облыстық полиция департаментімен бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамымен кездесу өткізді.

Тәртіп сақшылары еліміздің іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның ішінде жемқорлық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге, жемқорлыққа төзбеушілікті және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы хабардар етілді.

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған мемлекеттік деңгейде бекітілген тұжырымдама белсенді талқыланды.

Құжатта сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі тәжірибелерге теріс көзқарасты қалыптастыруға, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге, азаматтық қоғамның құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуына және т.б. ерекше назар аударылған.

Кездесулер соңында қатысушылар елдегі «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету – қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға бағынатын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды бастама деген ортақ пікірге келді.