ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ СҚОФ ұжымымен кездесу өткізді.
Семинар барысында тыңдаушыларға елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары түсіндірілді.
Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған мемлекеттік деңгейде бекітілген тұжырымдама белсенді талқыланды.
Тұжырымдамада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенді азаматтық қатысудың рөліне ерекше назар аударылды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа және түрлі көлеңкелі тәжірибелерге тұрақты теріс қатынасты қалыптастырудың маңыздылығы атап өтіледі. Мұндай тәсіл азаматтар мен мемлекеттік институттардың тығыз өзара іс-қимылын көздейтін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын нығайтуға бағытталған кеңірек реформаның ажырамас бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бейнероликтер көрсетіліп, жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметіне қатысты келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.