Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған «Ерлікке тағзым» акциясы аясында Департамент қызметкерлері сенбілік өткізді.
Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік пен ынтымақтастық сезімін нығайту мақсатында жалғыз тұратын әлеуметтік осал қарт азаматтардың аула аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Департамент басшылығы қарттарға қамқорлық жасау жалпыға ортақ парыз және осындай іс-шараларды ұйымдастыру олардың еңбектері мен заңдылық пен тәртіпті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін құрмет екенін атап өтті.