Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Тәртіп сақшылары еліміздің іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы хабардар етілді.
Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған мемлекеттік деңгейде бекітілген тұжырымдама белсенді талқыланды.
Құжатта сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі тәжірибелерге теріс көзқарасты қалыптастыруға, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге, азаматтық қоғамның құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуына және т.б. ерекше назар аударылған.
Өз кезегінде Полиция департаментінің басшылығы өз қатарында жемқорлық фактілеріне жол бермеу – азаматтардың сенімі арттырудағы маңызды вектор екенін атап өтті. Тек осындай негізде ғана «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында полиция мен қоғамның тиімді өзара іс-қимылын құруға болатынын жеткізді.