Заң мен тәртіп: Мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Заң мен тәртіп: Мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетудегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудағы маңызды қадам болды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар түсіндірілді.

Сондай-ақ, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметіне қатысты келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.