Заң мен тәртіп: Ішкі істер органдары қатарында жемқорлықтың алдын алу

Заң мен тәртіп: Ішкі істер органдары қатарында жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету және облыстық полиция департаментімен бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Есіл және Тимирязев аудандарының полиция бөлімдерінің жеке құрамдарымен көшпелі кездесулер өткізді.

Тәртіп сақшылары еліміздің іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның ішінде жемқорлық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге, жемқорлыққа төзбеушілікті және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шараларды – Іntegrity check парасаттылығын тексеру институты, байлық салығын енгізу, жемқорлардың жария тізілімі және т.б. белсенді талқылады.

Кездесулер соңында қатысушылар елдегі «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету – қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға бағынатын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды бастама деген ортақ пікірге келді.