Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 2 млрд. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді

Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 2 млрд. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу сайтының мониторингінің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 9 айында жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықтады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алу сомасы 1,8 млрд.теңгені құрады.

Мәселен, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әрекетінен кейін Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілем сатып алу бағасын қайта қарады, оның шаршы метрін 35 000 теңгеден сатып алу жоспарланған, нәтижесінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алу сомасы 7,8 млн.теңгені құрады.

Сондай-ақ, брифинг барысында аумақтық департамент басшысы Асхат Джакипбеков жыл басынан бері 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін, бес мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша 200-ден астам ұсынымдар әзірленгенін хабарлады.

Атап айтқанда, СҚО бойынша МКД-ның экспорттық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу саласындағы қызметінде жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Кәсіпкерлердің бірнеше арыз-шағымы негізінде басталған талдау өткізу пункттеріндегі бақылау тетіктерінің жетілмеуі, бизнес субъектілеріне шектеулердің әсері, сондай-ақ автомобиль салмағының болмауына байланысты импортталатын жүктің массасын төмендету жолымен салық жүктемесін төмендету сияқты бірқатар тәуекелдерді ашты.

Автокөлік өткізу пункттерінде көлік құралдарын тексеру жүргізілмейтіні анықталды, тек ілеспе құжаттарды сканерлеу жүзеге асырылады. Бұл мән-жайлар жүкті бос көлік құралы ретінде алып жүруге әкелуі мүмкін, бұл бюджетке салықтардың түспеуіне, сондай-ақ тыйым салынған тауарларды жалған құжаттар бойынша кіргізуге әкеп соғады.

Спикердің айтуынша, олқылықтар нәтижесінде жеткізілген тауарлар адал кәсіпкерлер сататын өніммен салыстырғанда Қазақстан нарығында заңсыз артықшылыққа ие болады және осы тәуекелдерді жою мақсатында жиырмадан астам ұсынымдар әзірленді.