Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жымқыру, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жымқыру, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «СҚО әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасы» КММ, «Коммунхоз» МКК басшылары және жол-құрылыс компаниясының басшылығына қатысты жымқыру, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Олар Петропавл қаласының автожолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, осы жұмыстарды орындаумен байланысты пара беру және алу бойынша күдікті.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.