Превенция басқармасының басшысы тексеру комиссиясының отырысына қатысты

Превенция басқармасының басшысы тексеру комиссиясының отырысына қатысты

 

 

 

Отырыста 2021 жылғы жергілікті атқарушы орган қызметінің кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық қызмет және туризм саласын, денсаулық сақтау саласының квазимемлекеттік сектор субъектісін, "Көпбейінді облыстық аурухана" ШЖҚ КМК және "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы" КММ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қаржылық тәртіпті сақтаудың жеткіліксіз деңгейін, мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын сақтамағанын көрсетті.

"Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттар түрінде жаңа бизнес-идеяларды ашуға бюджет қаражаты бөлінді, олар өңірлік кәсіпкерлердің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Бұл ретте жаңа бизнес идеяларды ашуға шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін берілген гранттар бойынша қызметті тоқтату және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері бар.

Мекеме жыл басындағы қалдықтарды есепке алмай қорларды жоспарлау кезінде бұзушылықтарға жол берді.

Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берудің себептері қолданыстағы заңнаманы жеткіліксіз білу, аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тарапынан бюджет қаражатының жұмсалуына тиісті емес бақылау болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин бұзушылықтардың жасалу себептері мен алғышарттарын зерделеу, оларды жою бойынша ұсыныстар қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Бұзушылықтарды алдын-алу бойынша жұмыс келешекте оларды болдырмауға мүмкіндік береді.