Өзара түсіністік, құрмет пен сенім – «Парасат жолы» жобасының үш тірегі

Өзара түсіністік, құрмет пен сенім – «Парасат жолы» жобасының үш тірегі

Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен ұйымдастырылған «Кітап. Балалар. Жастар: қызмет көрсетудің заманауи үлгілерін іздеу» кітапхана қызметкерлерінің проблемалық-бағытталған семинарына қатысты.

Кездесу барысында Департамент өкілі адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» орталықтарының ашылуына үлес қосқаны үшін қала мен аудан кітапханаларына Департамент басшысының атынан алғыс хаттарын табыстады.

Айта кету қажет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Парасат жолы» жобасы аясында өңірімізде түрлі кітапханалар, білім беру мекемелерінде 395 орталық ашылған.

Ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік мәні бар жобаға кітапхана қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, теологтар, дін өкілдері мен танымал тұлғалар тартылуда.

Өзара түсіністік, құрмет пен сенім – «Парасат жолы» жобасының үш тірегі.