Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясының қызметінде 22 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясының қызметінде 22 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері «Аntikor ortalyǵy» алаңында талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған 22 ұсыным әзірленді.

Солтүстік қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің ақпараты бойынша, 2020 жылы 46 жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде 8 – өлімге, 3 - топтық, 26 - ауыр. 2021 жылдың талдау кезеңінде-3, оның ішінде 1 ауыр. Алайда Департаментте қабылданған шешімдердің объективтілігіне күмән келтірілді.

«ЕК-нің 190-бабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты және қызметкерлердің еңбек қабілетін жоғалтуына әкеп соққан әрбір жазатайым оқиға тергеп-тексеруге жатады. Тергеудің бұл түрі мемлекеттік инспектордың қатысуымен комиссиялық түрде жүзеге асырылады. ЕК 188 - бабының 4 - тармағына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алған кезден бастап еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган 24 сағат ішінде құратын комиссия мынадай құрамда жүргізеді: Төраға-мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері-жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі. Комиссияның мұндай құрамы қабылданған шешімнің объективтілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмайды», - деп атап өтті Нұрлан Жахин.

Бұдан басқа, зардап шегуші мен жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін есептеу тетігі әзірленбеген.

Қабылданатын шешімнің объективтілігін қамтамасыз ету және зардап шегушінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кәсіподақ ұйымының (орталықтың) өкілін енгізуге; бейінді ведомствоның бірыңғай жүйесінде жазатайым оқиғалар туралы актілерді бірыңғай есепке алуға, тіркеуге және цифрландыруға және ішкі ведомстволық бақылауды енгізуге; жұмыс беруші мен қызметкердің кінәсінің дәрежесін бағалау әдістемесін әзірлеуге қатысты Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу арқылы осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға болады.

Сонымен қатар, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бекітілген тізімге сәйкес профилактикалық бақылау жүргізіледі. Тізімдерге іріктеу еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады. Субъективті критерийлердің бірі-ауыр немесе өлімге әкелетін еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның болуы.

«Сонымен қатар, 2020 жылдың 2-ші және 2021 жылдың 1-ші тоқсанына арналған жартыжылдық тізімдерді қалыптастыру кезінде оған «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС енгізілмеген. Ал «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-да жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде жұмыс берушінің кінәсінің анықталуына байланысты 50% ауыр жарақат анықталды және «Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС-де жұмыс берушінің кінәсінің анықталуына байланысты 30% - дық өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Екі жағдайда да жұмыстарды ұйымдастыру, ҚжЕҚ ережелерін бұзу қанағаттанғысыз екені атап өтілді», - деді Нұрлан Жахин.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша еңбек инспекциясының басшылығы жоғары тұрған органға бірқатар хаттар дайындауы, оның ішінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бастамасы бар.