Соңғы бес жылда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 3,2 млн теңгеге 16 адамды көтермеледі.
Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес.
Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай құқық бұзушылықтың санатына байланысты 30 да 70 АЕК-ке дейінгі мөлшерлерде белгіленеді.
Мысалы, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарлағаны үшін, атап айтқанда парақорлық фактілері бойынша (ҚР ҚК 366 және 367-баптары) 11 адам 70 АЕК-тен сыйақы алды.
Жемқорлық туралы ақпаратты азаматтар ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің өздері де хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділігі» бар адамдардың тізімінде мемлекеттік қызметші де бар, ол өзінің басшысына қызметте жоғарылату мәселесін шешу үшін заңсыз ақшалай сыйақы беруден бас тартты.
Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу жеткізу мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттеріне кіреді, бұл үшін оларға грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу көзделген.
Сыайқы айыпты адамға қатысты айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген соң ғана беріледі.
«Заң мен тәртіп» заманауи моделі құқық бұзушылықтардың алдын алу қағидатына негізделген, бұл іске әркімнің саналы түрде қатысуы қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғындарды белсенді азаматтық ұстанымдарын білдіруге және әділ, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құруға шақырады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа немесе 8/777/000-14-24 нөмірі арқылы WhatsApp мессенджеріне хабарласуға болады.