«Заң мен тәртіп» апталығы: Петропавлда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» басталды

«Заң мен тәртіп» апталығы: Петропавлда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» басталды

25 маусымда Петропавлда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» білім беру жобасы, яғни жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыруға және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған жас белсенділерге арналған жазғы лагерь басталды.

Лагерьге жас педагогтар, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, комплаенс-мамандар мен еріктілер қатысады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі – «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетудегі маңызды қадам. Біз заңды біліп қана қоймай, оны қорғауға, адалдық пен ашықтық құндылықтарын ілгерілетуге дайын ұрпақ қалыптастыруға тырысамыз», - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев.

Лагерь бағдарламасы көшбасшылық, топтық жұмыс, жобалық ойлау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша тренингтерді қамтиды. Қатысушылар мектептерде, жоғары оқу орындарында және жастар қауымдастықтарында жүзеге асырылуы мүмкін өз бастамаларын әзірлейді.

 Жоба соңында командалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шағын жобаларды қорғайды.

Сондай-ақ сарапшылар, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерімен кездесулер қарастырылған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» жастар арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға және адалдық пен жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталған «Заң мен тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.