Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» тақырыптық апталығы аясында Ашық есік күнін өткізді.
«Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығында колледж студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметі туралы презентация ұйымдастырылды, оның шеңберінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы ақпарат жеткізілді.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді, заңға бағынатын қоғам құру үшін қажет адалдық, әділдік және парасаттылық сынды құндылықтарды сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша өз ойларымен және идеяларымен белсенді түрде бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.